«Құрметті достар, қаламыздың даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынамын. Тек алматылықтарды ғана емес, басқа да бейжай қарамайтын азаматтарды дұрыс сын-пікір білдіруге шақырамын», - деп жазды әкім Instagram-парақшасында.
Стратегия мәтіні Almaty-2050.kz сайтында және қалалық газеттерде жарияланады. Тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін жолдай алады.