Қысқы студенттер ойынына дайындық аясында 130-ға жуық медицина қызметкерлері ағылшын тілінен дәріс алып жүр. Ағылшын тілінің арнайы курстары Сүлейман Демирель университетінің қабырғасында өтуде. Сабақтар 4 шілдеден басталған және 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Якуп Доганайдың айтуынша, ағылшын тілін үйренушілерді деңгейіне байланысты әр топқа бөлген. «Біз барлық медицина қызметкерлеріне тест беріп, олардың ағылшын тілін қаншалықты деңгейде білетінін анықтадық. Сосын топ-топқа бөлдік.», - деді оқытушы.
Дәрістің басы мақсаты - Универсиадаға атсалысатын қаланың мамандандырылған қызметіндегі жұмыскерлердің ағылшын тілін білу деңгейін аттыру. Ағылшын тілін үйрету бойынша бағдарламаны Алматының бірнеше ЖОО-ның ұстаздары мен Универсиада дирекциясы бірігіп әзірлеген.
Оқуға қатысып жатқан медицина қызметкері Жанар Тешенбаева аталған курстың пайдасы туралы айтып берді. «Ағылшын тілін меңгеріп, оны тәжірибеде қолданған қандай жақсы. Біз үйренгенімізді Универсиада кезінде қолданамыз деп ойлаймын», - дейді ол.
Айта кетейік, аталған курстар қаланың ІІД, ТЖД және өзге де қаланың мамандандырылған қызметтеріне өткізілуде. Сабақтар, Алматының 4 бірдей ЖОО-сында өтіп жүр. Атап айтсақ: Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.