«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Наурызбай және Түрксіб ауданында орналасқан бірқатар үй мен ғимаратта ыстық су бірнеше күнге тоқтатылады.
19 шілде мен 23 шілде аралығында мына көшелерде ыстық су болмайды:
- Остроумова – Дегдар – Красногорская;
21 шілде мен 9 тамыз аралығында:
- Райымбек – Әшімов – Абай – Карьерная;
21 шілде мен 17 тамыз аралығында:
- Гете – Майлин – Заславский – Новосибирская, -Лавренева – Дунентаев – Соболева – Зимняя - Сүйінбай – Бекмаханов.
21 шілде мен 18 тамыз аралығында:
- Собинов – Монтажная – Поддубного – Беринг көшелерінде орналасқан үйлер мен ғимараттар ыстық судан ажыратылады.
Компанияның мәліметінше, уақытша шектеулер су жылыту жабдықтары мен қазандықтарды жөндеу жұмысына байланысты енгізілген.