27 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін Жетісу ауданына қарасты «Айнабұлақ– 4» ықшамауданындағы тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды
«Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер жаңа су құбырларын магистральдық желілерге қосу үшін енгізілді», - деп атап өтті «Алматы су» МКК.
Сонымен қатар, 27 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін Әуезов ауданында орналасқан: Западная, Вишневая, Грушовая, Ықылас көшелері мен «Таугүл–3» ықшамауданында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.