Олардың алғашқылары сәуірдің 17-і күні әл-Фараби-Водозаборный көшелерінің қиылысында отырғызылатын болады. Бұл туралы бүгін арнайы өткен баспасөз мәслихатында «Фаворит» ынталы тобының өкілдері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Фаворит» ынталы тобының өкілі Жансая Болаттың айтуынша, арша ағашының құрамы мен сапасы өте мықты. Басқа қылқан жапырақтыларға қарағанда 6 есе, жапырақты өсімдіктен 15 есе, сарымсақтан 20 есе көп фитонцид бөледі. Ауаны ластайтын зиянкестерден 30 пайыз тазартады. Бұл басқа ағаштарға қарағанда аршаның экологиялық ахуалды тазартуға тигізер пайдасы мол деген сөз. «Осы жайттарға қарап Алматыға арша ағашын отырғызу қажет деген шешімге келдік», дейді ынталы топ өкілі.Оның айтуынша, арша ағашын отырғызу жобасын жүзеге асыру үшін 1023 қала тұрғыны арасында сауалнама жүргізілген. Олардың 61,68 пайызы Алматының әлемдегі ластанған қалалар ішінде 10-шы орында тұрғанынан хабардар болса, 40,73 пайызы арша ағашының ауаны күшті тазартушы екенінен хабары барлығын білдірген. Сондай-ақ 80,82 пайызы денсаулығының нашарлығын айтса, 98,03 пайыз тұрғын ауаны тазарту жобасына үлес қосуға дайын екендіктерін білдірген. Бұнымен қатар «Mercur Human Resourse Consalting» компаниясының зерттеуі бойынша, Алматы дүние жүзіндегі 215 қаланың ішінде ластану бойынша 9-шы орынға шығып, ластану индексі бойынша 39,1 көрсеткішіне ие болған.