Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері әзірге қандай ұйымды тонап кеткенін нақты айтпай отыр.
«Тонау әрекеті бойынша Бостандық аудандық ішкі істер басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жедел-тергеу тобы құрылды. Осы уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық күштер осы қылмысты ашуға жұмылдырылған»,-деді Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.