Алматының ірі сауда орталықтарының бірі - Рамсторда өрт шықты

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматының ірі сауда орталықтарының бірі - Рамсторда өрт шықты, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, Фурманов көшесінде орналасқан гипермаркеттегі өрт жексенбі күні сағат 12:00-де тұтанып, оның сыртқы қаптамасы қызыл жалын құшағына оранған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тілсіз жау 1 сағаттың ішінде ауыздықталды. Төтенше жағдай орнынан 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қызыл жалын шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрайды.