Оқиғаны көргендердің айтуларынша, BMW Байзақов көшесімен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқан, ал Toyota RAV 4 солтүстік бағытқа бет алған.
Алдын ала болжамға қарағанда, соңғы автомобильдің жүргізушісі бағдаршамның жүруге тыйым салған белгісін елемеген, салдарынан апатқа ұшырады.
Toyota көлігінің рулінде әйел болған, оны жедел жәрдем алып кетті. Дәрігерлер БМВ жүргізушісін де тексерді. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.
Қазіргі уақытта жол-көлік апаты болған жерде полиция жұмыс істеуде.