Алматы полициясының мәліметінше, қалада 128 186 бейнебақылау камерасы орнатылған.
Оның ішінде:
- «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша көпқабатты үйлерде 4 251 бейнекамера;
- адам көп шоғырланатын орындарда 1 103 камера;
- көшелердің желілік учаскелерінде, кіреберіс және шығу жолдарында, сондай-ақ көше қиылысында 5 892 бейнекамера. Оның ішінде 5 034 камерадан тұратын 776 «Сергек» ҚХА бекеті бар. Олардың көмегімен 2022 жылдың 6 айында 364 988 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді.
- білім беру нысандарында – 11 979 камера;
- мектепке дейінгі мекемелерде – 6 132 камера;
- денсаулық сақтау нысандарында 1322 камера;
- басқару формасы әртүрлі мекемелерде 98 355 камера;
- қоғамдық көлікте 1437 камера және т.б.