Департамент таратқан мәлімет бойынша, қаңтардан сәуірге дейін орын алған көлік апаттарының басым бөлігі бес көшенің қиылысында болған:
- Төле би мен Тұрғұт Озал көшелерінің қиылысы (бес жол апаты, бес адам зардап шеккен).
- Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы (төрт апат, төртеуі жарақат алып, біреуі көз жұмды).
- Солтүстік айналма көшесінің бойымен «Адем» сауда үйінің жанында (үш жол-көлік оқиғасы, төртеуі жарақат алды және біреуі мерт болды).
- Б. Момышұлы мен Мөңке би көшелерінің қиылысы (екі апат, 10 адам жарақат алды).
- Сейфуллин даңғылы, «MEGA» сауда-ойын-сауық орталығының маңы (бір жол-көлік апаты, бес адам жарақат алып, біреуі көз жұмды).