14 қаңтар күні «қайраттықтар» Әзірбайжанның «Интер» клубымен кездеседі. 2014-2015 маусымында бакулік команда ел чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында келеді. Ал 17 қаңтар күні алматылық команда Германияның екінші Бундеслигасының командасы «Дармштад 98» футбол клубымен бақ сынасады. Қазіргі таңда Дирк Шустердің шәкірттері 33 ұпаймен ел чемпионатында үшінші орында келеді.
«Қайрат» командасының Анталья қаласында өткізетін оқу-жаттығу жиыны 7 қаңтардан 19 қаңтарға дейін жалғасады.
Айта кетелік, Владимир Вайсстың шәкірттері өткен жылғы маусымда ел біріншілігінің қола жүлдесін және Қазақстан Кубогын жеңіп алған болатын.