Алматының төменгі аудандарында 2 мен 3 қазан аралығында газ беру уақытша тоқтатылады.
«Назарбаев даңғылының бойын Жансүгіров көшесіне дейін ұңғылап, темір жол арқылы газ құбырын өткіземіз. Осыған байланысты Тобаяқов-Сейфуллин-Жансүгірова-Дарвин көшелеріндегі жеке сектордағы 517 үйдің газы уақытша өшіріледі», - делінген компания таратқан хабарламада.