Алматы қалалық ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Серік Кененбаев кезектен тыс Президент сайлауына өз бөлімінің түгелдей дайын екенін айтты. Оның айтуынша, 467 сайлау учаскесінің, соның ішінде 62 жабық түрдегі орталықтың 18-і полиция қызметкерлерінің күзетуін қажет етпейтін жабық мекемелерде орналасқан. «Осы бағытта 449 сайлау учаскелері қоғамдық қауіпсіздік күзетіне алынатын болады. Барлығы 898 ІІД қызметкерлері сайлау кезінде екі ауысыммен жұмыс істейді», - дейді Серік Кененбаев.
«Сайлау туралы» ҚР Заңына байланысты полиция қызметкерлері сайлау учаскелерінің сыртындағы қоғамдық тәртіпті бақылайды. Тек тәртіпсіздік орын алған кезде ғана, сайлау учаскелері қызметкерлерінің өтінішімен ішке кіруге құқылы. Сондай-ақ, барлық ІІД қызметкерлері өз құқықтарын, міндеттерін біледі. Оларға арнайы нұсқау жұмыстары берілген", - дейді қалалық ІІД өкілі.
Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығығының орынбасары Юрий Ильин сайлау учаскелеріндегі қауіпсіздік жағдайын баяндады. «Сайлау науқанында барлық өрт сөндіру және құтқару қызметтері күшейтілетін болады. Барлық сайлау орталықтарында өртке қарсы жұмыстар жүргізілген. Барлық орталықтардағы қызметкерлерге нұсқау жұмыстары жүргізілді. Оларға төтенше жағдайдың алдын алу шараларына байланысты ескертпелер де берілген»,-деді Юрий Ильин.