АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда автобустар мен троллейбустар Wi-Fi-ға қазан айының соңына дейін қосылады. Бұл туралы қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта Wi-Fi құрылғысын орнату бойынша, тасымалдаушы компаниялар операторлармен келіссөздер жүргізуде. Алдағы уақытта қаладағы «Электротранстың» бір бөлігіне Wi-Fi енгізіледі. Жабдықтарды кезең-кезеңімен орнату жұмыстары басталып кетті. Шамамен қазан айының соңы мен қарашаның басында Wi-Fi қосылған алғашқы 50 троллейбус қызмет көрсете бастайды», - деді Ерлан Әділов.
Оның айтуынша, Wi-Fi автобустарға кезең-кезеңімен орнатылады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.