Алматының қоқыс төгетін алаңында болған өртте 5 адам қаза тапты - ТЖМ

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Алматы қалалық полигонында (қоқыс төгілетін жер) 5 адам өрттің құрбаны болды, олар болжам бойынша Өзбекстан азаматтары,

деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, ақпанның 16-сы күні 23 сағат 23 минутта паналауға лайықталып жасалған уақытша баспананың (көлемі 6х8 метр, ағаштан жасалған каркас картон қағазбен қапталған) жануы болған. Жалынның шарпыған аумағы 48 шаршы метрді құрады.

«Өртті сөндіру барысында 5 адамның мәйіті табылды. Тұлғалары анықталған жоқ, болжам бойынша Өзбекстан Республикасының азаматтары», - деп анықтады баспасөз қызметі.

Тілсіз жау ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен 1 сағатта ауыздықталды.