Жексенбі күні, 18 қыркүйекте Әуезов ауданында орналасқан Күмісбековтің жеке кәсіпорнының жабыны өртке шалынды. От 250 шаршыметр аумақты қамтыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады құтқарушылар.
Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД жеке құрмының 23 адамы мен 7 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.