«Тұтынушыларды үздіксіз электр қуатымен, жылумен, сумен және газбен жабдықтау үшін 21, 22, 23 наурызда Алматы энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды»,- деп атап өтті әкімдіктен.
Сонымен қатар каланың коммуналдық шаруашылықтарының жедел әрі жөндеу қызметкерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
«Судың, будың немесе ашық құдықтар анықталған кезде «Алматы жылу желілері» ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметіне жүгіну қажет: 7 (727) 378-06-65 және 7 (727) 378-06-98. Басқа да төтенше жағдай кезінде қалалық жедел қызметтерге қоңырау шалыңыз»,- делінген хабарламада.
21:54, 20 Наурыз 2023
Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшірілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.