Бұл жоба Еуропа қайта құру және даму банкі мен «Жасыл экономика» Арнайы қорынан қаржыландырылады.
2015 жылдың желтоқсан айында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жарықдиодты шамдарды жобалау, жабдықтау және орнату бойынша байқау өткізу жағын Еуропа қайта құру және даму банкімен келіскен болатын.
Келісімшартта жаңа шамдардың жұмысына 5 жылға кепілдік берілетіндігі көрсетілген. Жобаны жүзеге асыру 2016 жылдың алғашқы жартысынан басталып, 2017 жылы аяқталады.
Айта кетелік, жарықдиодты шамдардың жарық беру ұзақтығы (100 000 сағатқа дейін) және тиімділігі жоғары және электр қуатын 50 пайызға дейін үнемдейді.