Жыл басына дейін тазалау жұмыстарымен 10 жеке компания айналысып келген еді.
Жаңадан құрылған «Алматы пәтер қызметі» қалың қар жауған өткен күндері өз қызметін дұрыс атқарып отырғандығын көрсетті. 22-24 қаңтар аралығында қалаға айлық көрсеткіш көлемінде - қалыңдығы 13 сантиметр қар жауған еді. Екі күн ішінде мемлекеттік кәсіпорын қарды тазалау, жолдарға құм-хлоридті қоспа себу жұмыстарын 144 техника, 520 жұмыскерді жұмылдыра отырып, мерізімінде атқарған. Қала жолдарынан барлығы 6721 текше метр қар шығарылған.
Естеріңізге сала кетейік, аталған мемлекеттік кәсіпорын өткен жылы құрылып, жыл аяғында қарамағында Еуро-3 талаптарына сай 98 жаңа техника берілген болатын.