Аталған шоу 8-10 қаңтар аралығында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында көрсетіледі. «Olympic Ice» ЖШС-ы қолға алған қойылымға Алматы қалалық әкімдігінің қолдау білдірген.
Жоба коммерциялық емес, одан түскен қаржының барлығы ұйымдастырушылардың шығынын өтеуге кетеді. Шоуды ұйымдастыруды балалардың ата-аналары өз мойындарына алған. Олар костюмдерді, декорацияны өздері жасап, жарық беретін компаниялармен келіссөзді өздері жүргізген, делінген хабарламада.
Қойылымды ең алдымен интернаттың, балалар үйінінің тәрбиеленушілері тамашалайды.
«Жобаның мақсаты - дарынды балаларымызды көпшілікке таныту, конькимен мәнерлеп сырғанауды кеңінен насихаттау. Сол арқылы балаларды спортқа баулу. Қойылымға қатысатын балаларды кастинг өткізіп таңдадық. Кастингті танымал жаттықтырушылар Құралай Узурова, Айгүл Куанышева, Галина Маслюк, Азат Жабелов жүргізді. Бұл ертегіге қатысқан балалар түрлі байқаулар жеңімпаздары», дейді «Olympic Ice» ЖШС-ның директоры әрі шараны ұйымдастырушы Дина Қыстаубаева.
«Мұз жүрек» ертегісі Дисней мультфильмдері негізінде жасалды. Рольдерде 9 - 19 жас арасындағы балалар ойнайды. Ертегіні қоюшы Еуропа, Америка, Ресей шоуларының режиссері Азат Жабелов.
«Мұз жүрек» ертегісіндегі әндерді қазақстандық орындаушы Ademi айтады. Ол «Новая волна-2015» ән байқауында екінші орын алған.