Алматының маңында жүк көлігінің соғуы салдарынан газ құбыры жарылып, 1 мыңдай абонент «көгілдір отынсыз» қалды

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы Каменка кентінде «КамАЗ» жүк көлігінің соғып кетуінің салдарынан диаметр 159 мм газ құбыры жарылып, 1 мыңға жуық абонент «көгілдір отынсыз» қалды,

 деп  хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпараты  бойынша,  жарылыс салдарынан    жақын   жердегі   тұрғын үйдің  шатыры  өртенген.   Өрт    таңғы сағат 6-ларда ауыздықталды.  Қазір сыртқа  төгілген   газдың мөлшері анықталуда,  деп хабарлайды    дерек көз.  

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары  жүргізілуде.