Шаһар басшысының мәлім етуінше, былтыр тасымалдаушылар 225 жаңа автобус сатып алды. Осылайша, 20 маршруттағы автобустар жаңартылып, 1 жаңа маршрут ашылды.
«Биыл 8 маршрутта 126 автобусты жаңартуға ниеттіміз. Жаңа автобустардың сатып алынуына қарай жұмыс жыл соңына дейін жоспарлы түрде жүргізіледі», - деді ол.
Сондай-ақ, Ерболат Досаев жол инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары қарқын алғанын атап өтті.
«2022 жылы 27 шақырым жолға орташа және 32,5 мың шаршы метр жолға жөндеу жүргізілді, 18 км-ден астам тротуар салынды. Биыл 37 көшеге жөндеу жүргізіледі. Бұдан бөлек, 50 мың шаршы метр жолды жөндеу және 16 көшеде 18,5 км тротуар салу жоспарланған», - деді ол.