Алматының Медеу ауданында 28 ескі үй сүріледі

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Medeu Invest 2017» форумы басталды. Жиын барысында бизнесмендер мен инвесторларға Медеу ауданының жылжымайтын мүлік саласындағы инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, аталған саладағы өзекті мәселе ескі үйлерді сүру болып отыр.

«Инвестициялық форум өткізгендегі мақсатымыз Медеу ауданының инвестициялық потенциалын көрсету. Қанша жерлеріміз, бос тұрған ғимараттарымыз бар. Осы бағытта инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Себебі,  ол болмаса ешқандай бизнесмен ақша салмайды. Ең бірінші кезекте Ескі үй бағдарламасы бойынша қалада 28 үй сүріледі. Аталған жобаларда 4 инвестор тартылып, қазір жұмыс жасап жатыр», - деді аудан әкімі Ержан Жылқыбаев.

Жалпы алғанда Медеу ауданында 1965 жылы салынған 135 ескі үй, барак типтегі 18 үй бар.

Бұл үйлерде 2200 адам тұрып жатыр.

Олардың ішінде 28 үй (21 - кірпіш, 7 - каркас-қамыс) үй сүрілетін болады. Ең алдымен Қайырбеков-Әйтеке би-Бәрібаев-Қазыбек би квадратында 4 ескі биік үй мен 27 жекеменшік үй сүріліп, оның орнына «Алан Реалти» ЖШС 436 пәтерлік 9 қабатты үйлер салынып жатыр. Қазір 3 нүктесі, 8 блогы салынып бітті. Салынған инвестиция көлемі 9 млрд теңге. Ғимарат келесі жылы 4 тоқсанда пайдалануға беріледі.

Капиталды құрылыс кәсіпорны 40 пәтерлік 9 қабатты үйдің құрылысын бастады. Бұл нысанға салынған инвестиция көлемі 2,6 млрд теңге.

Сонымен қатар, Төле би көшесі 11,13, Достық көшесі, 91,93,95 мекенжайларында құрылыс компаниялары тұрғындармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Жангелдин-Янушкевич-Баишев-Әшімбаев көшелерінің шаршысында 186 пәтерлік 12-қабатты үйлер бой көтереді. Оған 3,5 млрд теңге салынған.

Черкас бекінісі көшесіндегі 9 қабатты үйдің құрылысына 900 млн теңге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар