Алматының Медеу ауданында саяжайда шыққан өрттің салдарынан 2 адам көз жұмды

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - 21 мамыр сағат 04.36-да Алматы қаласының Медеу ауданында «Широкая щель» аңғарында орналасқан «Геолог» саяжай бірлестігінің №5 учаскесінде саяжай үйі отқа оранды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Өрт сағат 09.53-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 40 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерде 33 жастағы ер адам мен жеке тұлғасы анықталмаған тағы да бір адамның мәйіті табылды.