«Медеу ауданында диаметрі 400 мм болатын құбырда тесік пайда болып, су сыртқа ағып жатыр. Сондықтан ауданға уақытша суық су беру тоқтылады», - деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорнынан.
Суық судан әл - Фараби - Достық - Қажымұқан - Назарбаев көшелерінің бойында орналасқан бірқатар ғимарат пен тұрғын үйлер ажыратылды.
«Жөндеу жүмыстарына «Алматы Су»мемлекеттік кәсіпорнының 4 авариялық бригадасы мен «Алматы Тазалық» ЖШС-нің 2 арнайы техникасы жұмылдырылды. Тұтынушыларға суық су бүгін беріледі. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.