Мемлекет басшысының айтуынша, қазір қаладағы денсаулық сақтау ұйымдары шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Әбден тозығы жеткен инфрақұрылымды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржысы есебінен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізіндегі жобаларды жүзеге асыру арқылы кешенді түрде жаңғырту қажет.
Президент Денсаулық сақтау министрлігіне медицина мекемелеріндегі қаржы тапшылығын жою үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар Президент жиында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты бірқатар проблемаға тоқталды.
Мемлекет басшысының пікірінше, ең алдымен, NEET санатына жататын жастардың арасындағы жұмыссыздық мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Үкіметке және әкімдікке жастарды жұмыспен қамту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде тапсырма берілді.