Алматының Мемлекеттік кірістер департаменті онлайн жұмысқа көшті
11:48, 16 Маусым 2020
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Мемлекеттік кірістер органдары қашықтан жұмыс форматына ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16 маусымнан бастап Мемлекеттік кірістер департаментінің басқармалары мен кедендік постарда төмендегідей жұмыс регламенті белгіленді:
1. Электрондық форматта көрсетілетін қызметтер тек қана электронды түрде ұсынылатын болады.
2. Электрондық форматта көрсетіліп келмеген мемлекеттік қызметтер (кіріс және шығыс құжаттарын қабылдау) « Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.
3. Консультациялық қызмет телефон арқылы көрсетіледі.