Алматының мемлекеттік мектептері бір ауысымды оқытуға көшеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының мемлекеттік мектептері 2026 жылдан бастап бір ауысымды оқытуға ауысады. Бұл туралы Ерболат Досаев білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтуынша, алдағы екі жылда 14,4 мың орындық 19 жеке ұйым ашу жоспарлады, оның ішінде ірі құрылыс салушылармен меморандум аясында 9 мың орындық 10 мектеп іске қосылады.

«Осы шаралардың барлығын ескере отырып, біз 2026 жылдан бастап мемлекеттік мектептердің бір бөлігін бір ауысымдық оқытуға ауыстыруды біртіндеп бастауға ниеттіміз», - деді қала басшысы.

Ерболат Досаевтың сөзінше, осы міндеттерді шешу үшін әкімдік 5,2 мың орындық 13 мемлекеттік білім беру ұйымдарын жобалау мен салуды жалғастыруда. Олар алдағы екі жылда пайдалануға беріледі.