Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеу институтының сейсмикалық ақпараттарды жинақтау және өңдеу орталығынан хабарлады.
Орталықтың мәліметтеріне сәйкес, жерасты дүмпулері кеше, 18 сәуірде қаланың оңтүстігінде, Астана уақытымен 20 сағат 48 минутта тіркелді.
Зілзала кіндігі солтүстік ендіктің 39.99 градусында, шығыс бойлықтың 76.94 градусында болғандығы анықталды.