Алматының оңтүстік шығысында жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қаласының оңтүстік шығысында жер сілкінісі тіркелді.

«ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар жүйесі алматы уақыты бойынша 07 сағат 38 минут 59 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым жерде Қырғызстанның аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық дәрежесі - 90.6. Магнитудасы - MPV 4.3. Тереңдігі 5 шақырым. Сезілу туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.