«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ақпаратына сәйкес, қаланың Алмалы,
Бостандық және Медеу аудандарындағы бірқатар секторлардың тұтынушыларына электр энергиясы бір сағат ішінде берілді.
«Сәтбаев – Қонаев – Төле би – Сейфуллин көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың электр қуатының үзілуі ПС-58А қосалқы станциясының жұмысындағы ақауға байланысты болды», - деп хабарлады компанияда.
Сондай-ақ компания өкілдері штаттан тыс жағдайдың алдын ала себебі ПС-58А қосалқы станциясын қоректендіретін кабельдік желінің механикалық зақымдануынан болғанын мәлімдеді.