Сонымен, Орталық стадионның жүгіру жолы Алматының жеңіл атлетикадағы 2 санатты нысаны болып табылады және бұл халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге рұқсат береді. Бұл - Орталық Азиядағы осындай сертификатқа қол жеткізген бірден бір жүгіру алаңы.
Әлемде мұндай төсенішті екі жол бар. Оның бірі Берлинде 2009 жылы жеңіл атлетикадан өткен Әлем чемпионаты алдында төселген, екіншісі 2010 жылы Барселонадағы Еуропа чемпионаты ашылардан бұрын салынған. Сондықтан мұндай жолдар ТМД мен Орталық Азия елдерінде әзірге жоқ.
Құжатқа ИААФ-тың Бас хатшысы Пьер Вайсс пен комитеттің техникалық төрағасы Хорхе Салкедо қол қойған.