Алматының полиция департаментінде телестудия ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының полиция департаментінде телестудия ашылды. Бұл туралы департамент басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтың айтуынша, мегаполисте қылмыс деңгейі 21,3 пайызға төмендеген.

Құқықтық және қылмыстың ашылуы 15,3 пайызға жақсарды.

Сонымен қатар, ол полиция департаментінде жаңа телестудия ашылғанын жеткізді.

«Телестудия заманауи телевизиялық құрладармен жабдықталған. Мұнда теледидар бағдарламасының өзінідік өндірісі жүзеге асады. Қ алада бір тәулікте болған қылмыс және төтенше жағдайлар туралы «Мегаполис» бағдарламасы эфирге шығады. Хабар жұмыс күндері таңғы сағат 11-де 5-7 минут болады. «Қала қабылданды» апаталық талдау бағдарламасы сенбі күні шығады деп жоспарлап отырмыз»,- деді Қанат Таймерденов телестудия арқылы.

«Сұраңыз, полиция жауап беруде» - бұл да апталық бағдарлама болмақ. Мұнда мамандар тұрғындардың сұрағына жауап береді.

«Бұл бағдарламалар полиция департаментінің Youtube арнасында, сондай-ақ Телергам нұсқасында көрсетіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге де шығады»,-деп түсіндірді Алматының бас полицейі.