Алматы қаласы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі байқаушылар штабының жетекшісі Серікжан Байғұттинов сайлау учаскелеріндегі ағымдағы жағдайға түсініктеме берді.
«Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Сайлаушылар дауыс беру процесіне белсенді қатысуда. Оның барысында заңбұзушылықтар байқалмайды. Санитарлық нормалар сақталды. Кіреберісте дезинфекциядан өтуге болады, дәрігерлер сайлаушылардың температурасын тексеріп отыр. Белгілер мен бөліністер бар», - деп атап өтті ол.
Штаб мүшесі Гүлнар Тауанова сайлау учаскелеріндегі жұмысқа тоқталды.
«Мен Түрксіб ауданы бойынша үйлестірушімін. 58 учаскеде жұмыс істейміз, онда екі ауысымға бөлінген 116 байқаушы бар. Біз үнемі олармен байланысып отырамыз. Әр сағат сайын есеп береді. Учаскеде таңғы сағат 6-дан бастап жұмыс істеп жатырмыз»,-деді ол.