Автокөлік иелеріне карта тегін беріледі. Смарт-картаны паркинг алаңдарында орналасқан терминалдардан алуға болады.
Абонементтің айлық бағасы 6 мың теңгені құрап отыр. Бұл паркингке күн сайын төлегеннен (тәулігіне 300 теңге, 30 күнге есептегенде паркингтің айлық бағасы - 9 мың теңге) әлдеқайда төмен баға.
Жүргізуші көлігін картаны алған паркингке қанша уақытқа қойса да өз еркі. Бұл ретте абонементті қай көлік тұрағынан алса, тек сол жерде ғана жарамды екенін ескерген жөн және оны ай сайын толтырып отыруға болады.
Шлагбаумы бар паркингтер тізімі мынадай: қаланың Солтүстік айналымы жанындағы базарлар: Адем, Ақбұлақ, Алатау 1, Алатау 2, Барыс, Батыр, Болашақ, Олжа, Ялян, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, «Мирас» мектебі.