Алматының шығысына қарай 140 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмологиялық стансалар желілері 2014 жылдың 2 мамыры күні 01 сағ. 50 мин. 39 секундта жер сілкінісі болғанын тіркеді.

Зілзала кіндігі Алматының шығысына қарай 140 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің тереңдігі 15 шақырым, күші 8.6 балл, магнитудасы MPV 4.0-ге жеткен.