«Бастапқыда аздап түтін шықты. Сəлден соң қоюлана бастады. Сосын пластмасса еріп, лапылдап жанды. Ішінде ешкім жоқ»,-деді куəгерлердің бірі.
Оқиға куəгерлерінің айтуынша, өртенген ғимаратта құрылыс заттарынан бөлек азық-түлік пен санитарлық техника дүкені орналасқан. Қазір көшені полиция торуылдап жүр. Оқиға орнында 5 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеуде.