Алматының тау бөктерінде тағы өрт тұтанды: Бір адамның мәйіті табылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Көктөбе бөктерінде болған өрттің төменгі тұсында тағы бір ошақ тұтанды. Құтқарушылар бір адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта бірінші өрттен төменгі жақта, Диваев көшесі бойымен шатқаларқылы өткенде 21-үйге қарсы бетте, шамамен 1 мың шаршы метр аумақта құрғақшөптің өртенуінің екінші жағдайы тіркелді. Тілсіз жаумен күрес барысында белгісізадамның денесі табылды. Оның жынысы мен тұлғасы анықталуда. Екі өрттің бір-біріне байланысы жоқ. Соны сөндіруге ауыстық. Жұмыстар жерденжүргізілуде. Себебі түнгі уақытта авиация жұмыс істей алмайды», - деп жазды ол Facebook-та.

Еске салайық, бұған дейінқұтқарушылар Көктөбенің бөктерінде тұтанған өртпенарпалысқан еді. Төтенше жағдайды жоюға екітікұшақ жұмылдырылды. Сондай-ақ ТЖД-ның 42 адамы мен 9 техникасы, «АлматыТазалық» МКК-ның – екі және Алматы қалалық Құтқару қызметінің бір суарутехникасы жұмыс істеді.


ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкіліНұрсұлтан Нұрахметов жалын сағат 19.58-детолығымен өшірілгенін мәлім еткен болатын. Ал Алматы қалалық Төтеншежағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров өрттің жеке секторғаауысуының алды алынғанын, департаменттің жеке құрамы кезекшілік атқару үшіноқиға орнында қалатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар