Әкімдіктен хабарланғандай, бұл бағыттағы қадам вокзалдарды мегаполистің көліктік инфрақұрылымының бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
Аталмыш нысандардың әкімдік меншігіне өту себебінің бірі - вокзалдардың күрделі жөндеуді қажет етуінде. Күрделі жөндеуден өткен жағдайда нысандардың жолаушыларды қабылдау мүмкіндігі артып, оларға жайлы жағдай жасауға жол ашады.
Алматы-1 вокзалын күрделі жөндеу арқылы заманға сай конкорсты және жер асты өту жолдарын кеңейту, эскалаторларды орнату көзделіп отыр.
Еске сала кетейік, қала әкімінің тапсырмасымен Алматы-1 вокзалының күрделі жөндеуіне кететін шығын оңтайландырылған болатын. Сонымен қатар, нысанның дизайнына арналған шығын да қысқартылған. Вокзалдардың дизайны заман талабына сай жасалмақ.