Бұл ақпаратты ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Жиналысты ашқан министр бұл жобаны іске асыру Елбасының тұрақты назарында екенін атап өтті. Айналма жолдың құрылысы, алдымен, жергілікті халық үшін, сонымен қатар қалаға баратын көлік ағынын азайту және экологиялық жағдайды жақсарту үшін қажет.
2007 жылы Алматы қаласының әкімдігі БАКАД құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме жасаған. Өткен жылы осы жолдың құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Бұл құжаттамаға сәйкес жобаның құны 79,5 млрд.теңгені құрады.
Жолдың ұзақтығы 70 шақырым, оның 65 шақырымы - 6 жолақты І А техникалық категорияға және 5 шақырымы-і - 4 жолақты І Б техникалық категорияға сәйкестендіріледі. Келешектегі қозғалыс жиілігі тәулігіне 45 мың көлікті құрайтын болады.
Осы жоба бойынша 18,5 млрд. теңгеге 761 гектар жердің аумағы алынуға жатады, оның ішінде, 2007 жылы 3,7 млрд. теңгеге 119 гектар жер учаскелері сатып алынған болатын.
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сәйкес аталған жобаны 2012-2014 жылдары концессиялық негізде жүзеге асыру жоспарлануда.
Қазіргі таңда ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Алматы облыстық әкімдігімен бірлесіп, жерлерді бағалау мен сатып алуға кірісті. Сонымен қатар, министрлік аталған жобаға АРУП консорциумын консультант ретінде тартуды ұсынды. Еуразиялық қайта құру және даму банкі (ЕБРР) бұл ұсынысты қолдады. Аталған жобаға концессионерлерді таңдау бойынша байқау 2012 жылы жарияланады.