Алматының үш шағын ауданында су және кәріз желілерінің құрылысы басталады
Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының бас маманы Нұрлан Өмірхановтың айтуынша, жөндеу жұмыстарының жалпы ұзындығы шамамен 45 шақырымды құрайды.Оның 25 км су құбыры болса, қалған 20 км кәріз желілері. Нәтижесінде 2020 жылы, 20 мыңға жуық тұрғын сумен қамтамасыз етіледі.
«2014 жылы Алматыға шамамен 23 шағын аудан қосылды. Оның 9-ы Наурызбай ауданына тиесілі. Қазір біз осы аудандардағы мәселені шешуге тырысамыз. Жоғарыда аталған үш ауданда бір үйде орта есеппен 3-5 адам тұрады. Қазір онда ескі су құбыры бар. Бірақ, жазда адамдар бақтарын суғаратындықтан, су тапшылығы мәселесі өткір болып тұр. Міне, тамыздың ортасынан бастап учаскелерді жөндеуге кірісеміз. Жөндеу жылыту маусымына дейін немесе қарашаға айына дейін созылуы мүмкін, бірақ бұл уақытта біз суды өшірмейміз.Сонымен қатар,жаңа желілердің құрылысы жүре береді. Бұл үшін бюджеттен ақша бөлінді.Сондай-ақ, Ақжар, Каменка және басқа да мөлтек аудандар кезекте тұр. Олардың құрылысы қаржы бөлінген кезде басталады», - деді Нұрлан Өмірханов.
Айта кетейік, бұған дейін Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары осы аймақтың 70 мыңға жуық тұрғыны ауыз суға мұқтаж екенін айтқан болатын.