деп хабарлайды ҚазАқпарат.
А.Есімов республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарда жеңіске жеткен, білім, ғылым және өнер жолында озып шыққан дарынды балаларды марапаттау салтанатына қатысу баршамыз үшін мақтаныш екенін айта келе, жастарға білім беріп жүрген ұстаздарды да құттықтап өтті. «Тұлға қалыптастырып, әлемдік өркениеттен ерекше орын алатын, ұрпақтың рухани жаңарып, жандануын қалайтын білім ордаларындағы Алматы қаласының ұстаздары қашанда алда келеді. Білім мен ғылым ісінде бірігіп қимылдасақ, шығар шыңымыз әрқашан биік боларына ешкім шүбә келтірмес. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық», деп атап өтті өз сөзінде қала әкімі.
2009-2010 оқу жылында 76 оқушы республикалық олимпиаданың жеңімпазы болса, 31-і әртүрлі халықаралық олимпиада мен конференция, конкурстан жүлдегер атанған.
Сондай-ақ көптеген интеллектуалды сайыстардың жеңімпаздарын дайындап шығарған №173 гимназияға арнайы өтпелі рәміз тарту етілді. Сонымен қатар дарынды балаларға білім берген мұғалімдер мен олардың ата-аналарды да мақтау қағаздарымен атап өтілді.