Бүгін сағат 17:45-те «Алатау жарық компаниясы» АҚ жұмыс істейтін аймақта «KEGOC» АҚ-ның үш желісі (500 кВт) істен шыққан еді.
Аталған желілерде апат болған. Жүйе автоматты түрде өшіп қалған. Соның салдарынан Алматы қаласы мен облысының кейбір аудандарында энергия беру тоқтады.
«Жалпы алғанда тұтынушыларға 460 МВт энергия берілмеген. Оператордың бұйрығымен апаттық бригадалар техникалық ақауды жоя бастады.
Сағат 19.40-та Алматыдағы барлық тұтынушыларға электр энергиясы берілді. Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын «Алатау жарық компаниясы» АҚ жүргізді», - делінген хабарламада.