Алматының жеке тұрғын үйлерінің бірінен шыққан өрт 36 жастағы азаматтың өмірін жалмады

АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат - Алматының жеке тұрғын үйлерінің бірінен шыққан өрт 36 жастағы азаматтың өмірін жалмады.

Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Құтқарушылардың мәліметіне қарағанда, төтенше оқиға жұма күні таңға жақын Өтеген батыр көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде орын алған. Жарты сағаттың ішінде ауыздықталған тілсіз жау 35 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 13 маман мен 2 техника жұмылдырылды.