АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол жөндеу жұмыстарына 15 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Бұл туралы Алматы қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл жол жөндеу жұмыстарына 15 млрд теңге бөлу жоспарланған, бірақ пандемияны ескере отырып, бұл сома өзгеруі мүмкін, яғни қысқаруы ықтимал. Жұмыстардың орындалу барысында белгілі болады», - деді Ернұр Абжахан.
Жалпы, Алматы жолдардың 75% қанағаттанарлық жағдайда.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.