ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігіне Түркияның жекеменшік мекемелерімен байланысуды сұрап, белгілі бір жағдайларда қазақстандық туристер үшін заңды шешімдерді іздеуге көмектесуді сұраған хат жолдаған.
31 шілде күні Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлгі Туризм индустриясы комитеті «Trek travel International» компаниясының басшылығына хат жолдады, онда қазақстандық туристердің компанияның қонақ үйлерінде тұру үшін қайтадан төлеуді болдырмау талаптары көрсетілген. Сонымен бірге, ведомство екі коммерциялық компания арасында туындаған даулы мәселеге түсністікпен қарап, туристерге келісімшартқа сәйкес қызмет көрсетуді талап етіп отыр.
Алматыдағы «Almaz tourizm» туроператорының тәулік бойы қызмет көрсететін байланыс желілерінің телефондары: 7 (727) 242-52-01, 8 778 494 0143, 8 778 409 4457, 8 701 277 7182.