Алмазбек Атамбаев арнайы жасаққа оқ атқанын мойындады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау үшін оның үйіне келген арнайы жасақ үшінші қабатқа көтерілгенде жоғары қарай бес-алты рет оқ атқанын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА 24.kg сайтына сілтеме жасап.

«Қару тек менде ғана болды. Арнайы жасақүшінші қабатқа көтерілгенде жоғары қарай бес-алты рет оқ аттым», - дедіАлмазбек Атамбаев.

Оның айтуынша, бөлме қараңғы болған. «Рикошетболған шығар, бәлкім тиген шығар, білмеймін. Мен жігіттердің ешбіріне дәлтигізуді ойлаған жоқпын, бірақ әлдекім оларды алға қарай итермелей берді. Менбірден қарсыласатынымды айтып ескерттім. Мұны менің жігіттерімнің мойнынаілмеуі үшін ашық айтып отырмын», - деді Атамбаев.

Алмазбек Атамбаев қарудың бәрін жинап алып,үйінің үшінші қабатына жиып қойғанын жеткізді. «Халық бәрін тапсырды, бізешкімнің қолына қару бермейміз», - деді ол.

Еске сала кетейік, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасақ мамандары бұрынғыПрезидент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын жүргізді. 

Алайда, оқиғаға Атамбаевтың жақтастарыараласып, арнайы жасақты оның үйіне кіргізбеген. Атамбаевты ұстау үшін екіншірет әрекет жасаған кезде, жаппай тәртіпсіздіктер басталған. Қақтығыста адамшығыны болған.

Бұдан тыс, қырықтан астам адам зардап шеккен

Зардап шеккендердің арасында Шу облысы Ішкі істербас басқармасының бастығы Самат Құрманқұлов та бар. Қазір дәрігерлер оныңөмірін сақтап қалудың қамында.

Айта кетейік, Қазақстан ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр.


Соңғы жаңалықтар