Алмазбек Атамбаев қамауға алынды
«АлмазбекАтамбаев 26 тамызға дейін қамауға алынды», - деп мәлім етті Первомай аудандықсотынан. Елдің бұрынғы басшысы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетініңТергеу изоляторында болады.
Ескесалайық, 8 тамыз күні кешқұрым ҚырғызстанныңІшкі істер министрлігі Атамбаевтыңұсталғанын ресми хабарлаған болатын.
7 тамыз күні А.Атамбаевтың Қой-Ташауылындағы үйіндеатыс болды. Арнайы операция салдарынан Бішкекқаласы мен Шу облыстық біріккен ауруханаларына түрлі жарақатпен 45адам түсті. Шу облыстық Ішкі істер бас басқармасының басшысы СаматҚұрманқұлов ауыр халде жатыр. Арнайы жасақ құрамындағы бір адам көз жұмды.
Мәлім етілгендей, құқыққорғау органдары тарапынаназаматтарға қатысты атыс қаруы қолданылған жоқ. Қару А.Атамбаевтың жақтастары тарапынанатылған.
Атамбаевтың үйінде болған оқиғалардан кейінҚырғызстанның Бас прокуратурасы «Жаппай тәртіпсіздіктер», «Бұзақылық», «Адамөлтіру», «Адамды кепілге алу» баптарымен сотқа дейінгі тергеуамалдарын бастағанын мәлімдеді. Дегенмен, ел астанасындағы жағдай тұрақтыекені атап өтілді. Айта кетсек, 8 тамызда Қырғызстанға Шолпан атада өтетін ЕАЭОелдерінің Үкімет басшылары кездесуіне (9 тамыз) ресми делегациялар келебастады. «Елдегі оқиғаларға қарамастан, Еуразия үкіметаралық кеңесі белгіленгенуақытында өтеді», - деп мәлімдеді Қырғыз Республикасы премьер-министрініңбаспасөз хатшысы Әділет Сұлтаналиев.
Сондай-ақ 8 тамызда Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысыөтіп, онда ел президенті Сооронбай Жээнбеков билік «халықтың бөлінуіне, тұрақсыздықтың орнауына жол бермейтінін» мәлім етті.
«Атамбаевтың тарабы атыс қаруын қолданғанына қарамастан,арнайы күштер атыс патрондарын пайдаланған жоқ», - деді ол.
«Егеркешегі күнге дейін Атамбаевты тергеуге куәгер ретінде шақырса, енді оған асаауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті ретінде қарайтын болады», - деді Жээнбеков.
Бұданбөлек, парламент отырысында депутат Мыктыбек Абдылдаев Атамбаевтың үйіне шабуылжасау кезінде тұтқынға алынған арнайы жасақ қызметкерлері босатылғанын хабарлады.
Айтакетсек, бұған дейін Жогорку Кенеш елдің экс-президентінен қол сұқпаушылықмәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған болатын. Атамбаевқа қатыстыдепутаттар тарапынан тағылған айыптарды зерттеу бойынша арнайы депутаттықкомиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесінде оған 6 эпизод бойынша айыптағу шешімі қабылданды. Алайда Бас прокуратура комиссияның жұмысын заңтұрғысынан бағалай келе, тек бес эпизодты қалдырды.