5news.kg сайтының хабарлауынша, Қырғыз Президентінің кіші қызы Әлия Шәгиева ұл бала босанды. Әлия Шәгиева мен Константин Рязановтың тұңғыштары өткен аптада дүние есігін ашқан.
Айта кетейік, Әлия Шәгиева былтыр тұрмысқа шыққан болатын. Суретші қыздың таңдауы Бішкекте тұратын бағдарламашы Константин Рязанов болды.