Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты
ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақ балуандары арасынан Әлімхан Сыздықов ел намысын қорғады.
130 келі салмақта шыққан отандасымыз алғашқы кездесуінде 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері румын балуаны Алин Алексук-Чурариумен күресті.
Аса тартысты өткен белдесу нәтижесінде Сыздықов қарсыласын 3:1 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.
Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.
Париж Олимпиадасында бүгін, яғни 5 тамыз күні қазақстандық спортшылар стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі секілді 3 жарыс түрінен бақ сынауда.